Ас үйімізде үнемі түрлі ұлттардың тағамдары тұрады – ШҚО-да тұратын интернационалды отбасы

Қырғыз-орыс отбасы
Фото: ШҚО ТЖД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының №19 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Бақытбек Русланбектің ұлты – қырғыз. Ол орыс қызы Татьянаны өзіне жар қылып алған.

Бақытбек Русланбек өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы болып жұмыс істейді. Қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар құтқарушыларға қоңырау шалса бірінші болып олармен Бақытбек сөйлеседі. 

«Көбінесе халық үйлерінде өрт шыққанын немесе бір оқыс оқиғаға тап болғанын айтып, көмек сұрайды. Жұмысым өзіме ұнайды. Таңертең жұмысқа, кешке үйге асығамын», - дейді ол. 

Қырғыз-орыс отбасы
Фото: ШҚО ТЖД

Оның Татьянамен шаңырақ көтергеніне 2 жылдан асқан. Әйелі осы уақыт ішінде қырғыздың ұлттық тағамдарын түгел дерлік әзірлеуді үйренген. Үйге жиі және көп болып келетін күйеуінің туыстарын күтуді әбден меңгеріп алды. Ал Бақытбек өз кезегінде зайыбының ұлтындағы дәстүрлермен жақсы танысқан. 

«Біздің үй әрқашан жылы, жайлы. Таңғы асқа құймақ болса, кешке ет асамыз. Ас үйімізде үнемі түрлі ұлттардың тағамдары тұрады, - дедйі Бақытбек Русланбек.

Қырғыз-орыс отбасы
Фото: ШҚО ТЖД

Бұл №19 өрт сөндіру бөліміндегі жалғыз интернационалды отбасы емес. Бастықтың орынбасары Рашид Ганиевтің де әйелі орыс. Оның да есімі – Татьяна. 

«Жұбайым екеуміздің ортақ достарымыз, таныстарымыз көп. Олар қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар және басқа да ұлт өкілдері. Біз бәріміз араласып, мерекелерді бірге қарсы аламыз», - дейді Рашидтің әйелі Татьяна.

Қырғыз-орыс отбасы
Фото: ШҚО ТЖД

Ганиевтер отбасында бірнеше тілде сөйлейтін, түрлі ұлттардың әдет-ғұрыптарын құрметтейтін және мәдени іс-шараларға белсенді қатысатын екі ұл тәрбиеленуде. 
Жалпы ШҚО ТЖД қатарында барлығы 19 интернационалды отбасы бар. 

Соңғы жаңалықтар