Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы В. Кличко өзінің жаңа бапкерінің есімін атады

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA/WBO версиясы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко бокстан өзінің жаңа бас жаттықтырушысының есімін ресми түрде мәлім етті.

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы В. Кличко өзінің жаңа бапкерінің есімін атады

Ол - марқұм Эмануэль Стюардтың шәкірті - 30 жастағы Джонатон Бэнкс, деп хабарланды www.svit24.net. сайтында.

В. Кличко: «Ол  Джонатон Бэнкс болатынын әу бастан білгенмін. Бұл адам Стюардтан көп нәрсені үйренді», - деп атап өтті.

Владимир Д. Бэнкспен 9 жыл бұрын танысты. Стюардпен де сол уақытта танысқан болатын. Бэнкс бокстасуға әлі де шығып жүр және ол Владимирдің тұрақты спарринг-әріптесі болып табылады.

Еске салайық, Д. Бэнкс Стюардтың нашар денсаулығы туралы белгілі болғаннан кейін Владимир Кличконы Мариуш Вахқа қарсы жекпе-жекке дайындай бастаған болатын. Вахпен жекпе-жек 10 қарашада Гамбургте өтеді.

Бэнкс бокстағы өзінің жеке карьерасын жалғастыра беретін болады. Оның Сетт Митчеллге қарсы айқасы 17 қарашада АҚШ-та өтеді.