Аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 17-сінде аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар алғаш рет Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді,

Аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны «Zhersu» корпорациясы мен Марат Мәзімбаевтың промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Бұл жекпе-жекте Қазақстан чемпионы атағы үшін алматылық Қанат Алтаев пен шымкенттік Талғат Досанов қолғап түйістірмек. Кәсіпқой бокста бұған дейін 6 кездесу өкізген Қанат Алтаев оның төртеуінде басым түсіп, екеуін тең аяқтаған болатын. Ал Талғаттың бұл 24-ші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін ол 11 кездесуде қарсыластарынан басым болып, біреуінде тең түсіп, 11-інде жеңіліс тапқан.