Аса ірі ағылшын-саксон олжасы 3 миллион фунтқа бағаланды

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Британ үкіметінің жанында жұмыс істейтін тәуелсіз сарапшылар Стаффордширде табылған ағылшын-саксон олжасын рекордтық сомаға - 3,285 миллион фунтқа бағалады,

Аса ірі ағылшын-саксон олжасы 3 миллион фунтқа бағаланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, журналистер «Стаффордшир қазынасы» деген атау берген олжа осындай қазыналардың ірісі ғана емес және ең құндысы да болып отыр. Олжа 5 келі алтынды және 1,3 келі күмісті құрайды.

Жұмыссыз қазына іздеуші-әуесқой Терри Герберт металліздегіш құралдың көмегімен шілдеде VII ғасырға жататын мың жарымнан астам заттардың үстінен түскен болатын.

Енді, Терри Герберт пен жерінен қазына табылған фермер Фред Джонсон үш жарым 3 миллионнан астам фунтты тең бөліп алуға қолын ысқылап отыр. Бұл ақшаны қазір Бирмингем және Сток-он-Трент мұражайлары жинауда.

Қазіргі уақытта құндылықтардың бір бөлігі Лондондағы Британ мұражайына қойылды; ол табылған олжалар туралы кітап шығарып та үлгерді.