Аса ірі улы өрмекшінің кесірінен әуе лайнері ұшпай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Балтимор қаласындағы халықаралық әуежай қызметкерлері жүк бөлігінен ірі құс жейтін улі өрмекшінің табылуына байланысты Delta компаниясы әуе лайнерінің ұшуына тыйым салды.

Аса ірі  улы өрмекшінің кесірінен әуе лайнері ұшпай қалды

Бұл туралы Delta ресми өкілі Брайен Круз мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Шығыс Африкада тіршілік ететін улы өрмекшіні жолаушылардың чемодандары мен қол жүктерін тиеп жатқан жұмысшылар байқап қалған. Құс жегіш өрмекшіні әуежай қызметкерлері бірден ұстағандығы хабарланды.

Әуе лайнері Атлантаға(Джорджия штаты) ұшуы тиіс болатын.

Оқыс оқиғаға байланысты барлық жолаушылар, үш сағаттай кешігіп, басқа рейспен аттандырылды.