10:19, 13 Шілде 2024 | GMT +5
Аса қауіпті: ТЖМ Қазақстан халқына ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

«Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері — халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары.
Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ, от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», — деп ескертті ведомство қызметкерлері.