Аса көрнекті мемлекет қайраткері Фазыл Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өттi

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - ​«Назарбаев Орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің концерттік залында аса көрнекті қоғам қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өттi.
None
None

​Фазыл Кәрібжанов - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ауылшаруашылық бөлімі меңгерушісі, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып қызмет етті. Өз еңбек жолын Ф. Кәрібжанов қатардағы агроном қызметінен бастап көрнекті мемлекет қайраткері деңгейіне көтерілді.

​Еске алу кешіне Фазыл Кәрібжановтың туған және жақын туыстары, зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Фазыл Кәрібжанов небары 48 жас өмір сүрді. Осы қысқа ғұмырындағы оның еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі зор. Соғыс жылдарындағы үздік қызметі үшін ол екі рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Оның талмас еңбегінің нәтижесінде еліміздің егіс алқабының көлемі 30 млн. гектарға жетті. Осы жетістіктері үшін Ф. Кәрібжанов Ленин орденімен марапатталды.

Еске алу кешін ұйымдастырушы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Концертте ҚР халық әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейхан, Жанат Шыбықбаев, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі және «Наз» мемлекеттік би театры өнер көрсеттi.

Соңғы жаңалықтар