Асад орнын босатуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің басшысы Борис Джонсон Сирия президенті Башар Асад қызметтен мүлде кетуі керек деп санайды.
Егер ол орнынан кетпеген жағдайда елде ешқашан тұрықтылық болмайды, мұны Ресей билігі түсінуі тиіс. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің басшылығына жаңа¬дан келген Джонсон Ресей халықаралық қоғамдастықтың көзқарасымен есептесуі керек деп есептейді. Сирия ісіне қатысты Сыртқы істер ведомстволары басшыларының кездесуінде Асад билікте тұрған жағдайда елде тыныштылық болмайтынын атап айтты.
- Мен босып жүрген Сирия халқының қазіргі жағдайын адам баласы-ның басына бермесін деп тілеймін. Тыныштық орнау үшін Башар Асад қызметінен кетуі тиіс және мұны Ресей президентінің тереңірек түсінгені абзал, - деді Борис Джонсон.
Бұл мәлімдемені Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Италия, Гер¬мания, Франция, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы және Еуроодақтың жоғары өкілдігімен болған кездесуде айтты.