«ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумының қатысушылары қарар қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда екінші күн республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы өтуде. Форум қорытындысы бойынша қатысушылар үшжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау туралы қарар қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

«ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумының қатысушылары қарар қабылдайды

Атап айтқанда, қарар ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге, бизнесті әлеуметтік салаға кеңінен тартудың тетіктері мен құралдарын жетілдіруге, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бастамашыл азаматтардың әлеуетін пайдалануды жандандыруға бағытталады. Қарар мәтінінің толық нұсқасы asar2017.kz сайтында жарияланатын болады.
null

Бүгін еліміздің әр түрлі өңірлерінен жиналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мастер-класстар өтуде. Шеберлік сабақтарын танымал жаттықтырушылар  Эмин Аскеров, Анна Таджимуратова, Асқар Секербаев, Алмагүл Қанағатова, Абай Мырхин, Шолпан Айтенова және т.б. өткізуде.

ҮЕҰ өкілдерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, краудфандинг (қаражат тарту) негіздерін үйрету  және жергілікті өзін-өзі басқаруға өту шартында бизнес пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл тәжірибесін жолға қою мақсатында барлығы 8 шеберлік-класы ұйымдастырылды.

«ASAR» форумына республиканың барлық өңірлерінен 200-ден аса бизнес пен азаматтық сектор өкілдері қатысуда.