Асат Нұрпейісов Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Асат Нурпеисов
Фото: qr-pib.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып бекітілді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты. 

Айта кетейік, Асат Болатұлы 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.

2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2023 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лаузымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар