Қазақстан аумағынан теміржол арқылы жанармай шығаруға неге тыйым салынды
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елден теміржол арқылы жанармай шығаруға неге тыйым салынғаны түсіндірді.

- Бізде өткен жылдың қорытындысы бойынша тапшылық бар. Сол үшін жыл сайын Ресеймен индикативті баланыс орнатып келеміз. Осының арқасында мұнай өнімдерінің белгілі бір көлемін бажсыз әкеліп, ішкі қажеттілікті жаба аламыз. Бүгінгідей шектеулерді енгізу арқылы «сұры экспорт» көлемінің қанша болатынын нақты көруге болады. Бұған дейін автокөлікпен сыртқа әкетуге қойылған шектеу жанармай қорын 20 күннен 45 күнге дейін тікелей арттырған. Яғни, бұл осынша көлем «сұры экспорт» ретінде кетіп отырған деген сөз. Теміржолмен сыртқа шығаруға қойылған шектеу де осындай әсер туғызады деп күтіп отырмыз, - деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев бұл жолғы шектеу көктемгі егіс жұмыстарына қажетті жанармайдың қорын жинақтауға септігін тигізетінін де атап өтті.
Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді.