Асбестпен жұмыс істеу кезінде туындайтын денсаулыққа қауіпті факторлардың алдын алуға қатысты Конвенция заң түрінде бекітілмек

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Үкіметтен Мәжіліске «Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы конвенцияны (162-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті. Бүгін Палатаның жалпы отырысында қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу жөнінде мәселе қаралды.

Асбестпен жұмыс істеу кезінде туындайтын денсаулыққа қауіпті факторлардың алдын алуға қатысты Конвенция заң түрінде бекітілмек

Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымына (ХЕҰ) мүшелікке кіре отырып, ХЕҰ-ның Жарғысына бекітілген қағидаттар мен құқықтарды мойындады, әрі осы ұйымның барлық мақсаттарына қол жеткізуге міндеттенді. Бұл қағидаттар мен құқықтар ХЕҰ-ның тиісті конвенцияларында өз көрінісін және дамуын тапты.

Халықаралық Еңбек конференциясының 86-сессиясында 1998 жылғы 18 маусымда Женевада қабылданған еңбек саласының негізін қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы ХЕҰ-ның Декларациясында барлық мүше мемлекеттердің асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау негізін қалаушылардың бірі болып табылатын құқықтарға қатысты қағидаттарды сақтау және пайдалануға жәрдемдесу бөлігінде ХЕҰ-на олардың мүшелігі фактісінен туындайтын міндеттемелері бар деп бекітілген.

Аталған конвенцияны қабылдаған сәттен бастап 32 мемлекет ратификацияланады.

Конвенцияның ережелері жұмыс процесінде қызметкерлерге асбесттің әсерімен байланысты қызметтің барлық түрлерін қамтиды.

Конвенция қызметкерлер асбестпен жұмыс істеу кезінде туындайтын денсаулыққа қауіпті әсер ететін факторлардың алдын алу, бақылау және қорғау шараларын белгілейтін нормалар мен ережелерді заңнамалық деңгейде белгілеуге бағытталған.

Әрбір жұмыс беруші кәсіпорында жұмыс істейтіндерге асбест әсерінің алды алу және бақылау, сондай-ақ асбестпен жұмыс кезінде туындайтын зиянды факторлардан қорғану жөнінде практикалық шаралардың әзірленуі және жүзеге асырылуы үшін жауапты болады.

Аталған Конвенцияны ратификациялау мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді. Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмыс тобын құрып, қорытынды әзірлейді.