Ащы шоколадтың пайдасын білесіз бе?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ащы шоколад адам ағзасындағы патогендік ішек микрофлорасын басуға септігін тигізетінін анықтады. Бұл жаңалықты Луизиана университетінің профессоры Джон Финли жасады, деп хабарлайды Росбалт.

Ащы шоколадтың пайдасын білесіз бе?

Ол ащы шоколад ішек бактерияларына тез өсіп және ішкі қабынуға кедергі келтіретін заттарды бөлуге көмектесетінін дәлелдеп берді.

«Ащы шоколадты үнемі пайдаланған адамның қанында жүрек және қан тамырлары ауруларының тәуекелін төмендететін қабынуға қарсы тұратын заттар болады. Шоколадтың аталған түрінің пайдасын көру үшін Джон Финли оны жеміс-жидекпен, әсіресе анармен бірге жеуге кеңес береді» делінген агенттік хабарламасында.