Әсел Сағатова, Айдын Айымбетов «Қазақстан Аруы-2015» байқауында қазылық етпек (ФОТО)

Оған Қазақстанның әр өңірінен 30 ару қатысады. Олардың ішінде оқушы қыздар, мемлекеттік қызметкерлер, бір журналис, халықаралық заңгер, кәсіпкерлер де бар. Дегенмен олар осынау жоғары деңгейдегі байқауға бақтарын сынауға келген.
Байқаудың әділ әрі ашық өтуі үшін еліміздің ең сұлу аруын қазақстандықтардың өздері, онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдай алады. Айта кету керек, алдымен ең үздік үштікті қазылар алқасы анықтайды.
«Мен қазылар алқасына тағайындалған адамдардың есімін жариялағым келеді - олар еліміздің танымал әрі құрметті азаматтары: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, «Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов және актриса Әсел Сағатова. Биыл байқауда ең беделді қазылар алқасы төрелік ететін болады. Ол кісілерді барша Қазақстан таниды», - дейді байқаудың жүргізушісі Динара Сатжан Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар қазылар қатарында «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велошабандоз Александр Винокуров, «Астана Жастары» жастар орталығының басшысы Әнуар Нұпейісов, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада және «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова бар.
2015 жылы ұйымдастырушылар байқауда нағыз шоу болады деп уәде беруде. Бас режиссер ретінде жас актер әрі режиссер Максим Акбаров таңдалыпты.
Байқаудың салтанатты рәсімін танымал тележүргізуші Динара Сатжан мен жас актер Тәуекел Мүсілім жүргізеді.
Айта кеткен жөн, жеңімпаз «Қазақстан Аруы-2015» атағына ие болып қана қоймай, 5 миллион теңгені де олжалайды.
Былтыр, «Қазақстан Аруы-2014» байқауында 22 жасар Регина Вандышева жеңімпаз атанған еді.