Әсел Сағатова ұлды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық актриса және тележүргізуші Әсел Сағатова Біріккен Араб Әмірлігінде босанып, дүниеге ұл әкелді. Бұл туралы актрисаның Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.

Әсел Сағатова ұлды болды

Әсел Сағатованың Instagram-дағы соңғы фотоларының бірінде оның жақын достары мен әріптестері және өнерін сүйетін жанкүйерлері құттықтау лебіздерін білдіріп, жылы пікірлерін қалдырып жатыр.

«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне белгілі болғанындай, Әсел Сағатова тұңғышын БАӘ-де туған. Ол кейінгі үш ай бойы сол елде демалып жатқанын айта кету керек.