Әсел Серікбай шахматшылар Олимпиадасына жолдама алды

  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шучинск қаласында 8-18 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен шахматтан Қазақстан чемпионатында сырбойылықтар 14 медаль иеленді. 

Әсел Серікбай шахматшылар Олимпиадасына жолдама алды

Оның 6-уы алтын, 6-уы күміс, 2 - уі қола медаль. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

   Классика және рапид түрлері бойынша Әсел Серікбай мен Сұлтан  Аманжол екі бірінші орынды жеңіп алса, блицте Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали алтын медаль иегері атанды. 

null  

   Назерке Нұрғали мен Мейіржан Бармағанбетов классикадан екінші болса, Самал Әбдуәли, Назерке Нұрғали рапидте, Әсел Серікбай мен Ақылжан Мейірханұлы блицте күміс жүлдені иеленді.  Сақыпжамал Бармағанбетова рапидте, Хантәңірі Жаппар блицте үшінші орынға табан тіреді.

   Жарыс қорытындысы бойынша Ә.Серікбай Әлем, Азия чемпионаттарына және Олимпиадаға, С.Аманжол Әлем чемпионатына және Н.Нұрғали, М.Бармағанбетова Азия чемпионатына жолдама алды. 

null