Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің алғашқы айналымына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында стенд атудан (скит) әйелдер арасындағы іріктеу айналымы басталды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Әсем Орынбай
Фото: Olympic.kz.

Аталған спорт түрінен Қазақстан сапынан Әсем Орынбай қатысып жатыр. Отандасымыз іріктеу сынында бақ сынады. 

Мүмкін болған 75 ұпайдан 67 ұпай жиған Әсем аралық нәтижеде 23-орынға тұрақтады. 

4 тамыз күні іріктеудің екінші айналымы өтіп, финалға шыққан спортшылар анықталады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен аса алмады. 

Соңғы жаңалықтар