Әсем Рахметова СҚО-дан сайланған Сенат депутаты ретінде тіркелді
Бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының «Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда сайланған депутатты тіркеу туралы» қаулысын қабылдау бойынша отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 45, 46 және 82-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының және «Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 74/770 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Әсем Қалашбайқызы Рахметованы ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеуге қаулы етті.
Сондай-ақ, осы күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ә.Қ. Рахметоваға Парламент депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті және депутаттық корпус құрамында табыс әрі жемісті жұмыс тіледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысында кенеттен қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Сенат депутаты сайланды.