Әсет Исекешев 93 жасар соғыс ардагерін құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев 93 жасар соғыс ардагерін құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
None
None



«Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев пен «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 1924 жылы туған Михаил Васильевич Калининді құттықтады»,-деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.



Михаил Васильевич соғысқа 1942 жылы шақырылып, аға лейтенант атағын алды. 1946 жылы Отаны - Қазақстанға оралып, түрлі нысандардың құрылыс жұмыстарына қатысты. Зейнетке 1998 жылы шықты.



Михаил Калининнің 1-ші және 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің, «Қызыл жұлдыз» орденінің және «Ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарының және өзге де марапаттардың иегері.

 

Әкімдік таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың 121 қатысушысы бар. Олардың 99-ы ҰОС ардагері, мүгедектер - 22. Олардың барлығы Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында 500 мың теңге көлемінде бір мезгілдік төлемақы алды.

Соңғы жаңалықтар