Әсет Исекешев «әке» атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі «Құрметті Әке» атағын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астананың орнықты дамуы жөніндегі кеңестің бірінші отырысы аясындағы жобалар көрмесінде «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі қала басшысына тиісті грамотаны табыстады.
«Ол өте ашық адам және біздің бастамалар мен жұмыстарға қолдау білдіріп келеді. «Құрметті Әке» атағын үлгі болуға лайық әкелерге табыстаймыз»,-деді аталған бірлестіктің төрағасы Қуаныш Жұматаев.
Қазіргі уақытта бірлестікке барша Қазақстан бойынша үлгілі деген 60 әке еніп отыр.
Айта кетейік, бүгінде Астана әкімі Әсет Исекешев екі баланың әкесі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2012 жылы Астана қаласының бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетов Әкелер одағының құрамына қабылданды.