22:37, 12 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Әсет Исекешев кәріз шойын қақпақтарының ұрлануына алаңдаулы
АСТАНА. ҚазАқпарат Елорда әкімі Әсет Исекешев қала көшелеріндегі кәріз шойын қақпақтарының ұрлануына алаңдаулы. Бұл жайында ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке орай «металл сынығын» жинаушылардың шойын қақпақтарды ұрлауы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады. Жекелеген азаматтардың, іс жүзінде қылмыскерлердің салдарын ойланбастан шойын қақпақтарды арсыздықпен ұрлайтындықтарын атап өткім келеді. Екі жылдың ішінде бір жердің өзінде бірнеше рет ауыстырдық. Металл сынықтарын жинаушылар ұрламауы үшін композиттік қақпақтарға көшудеміз. Дегенмен, қалада шойын қақпақтар әлі де көп. Сондықтан барлықтарыңыздан қақпақсыз ашық кәріз көрсеңіздер кідірместен 109 телефонына немесе әкімдік сайтына хабарласуларыңызды сұраймыз. Көмектеріңізге рахмет»,- деді Исекешев.