Әсет Матаевтың жұбайы «ҰБК» ҚБ-дан миллиондаған теңге қаражат алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аида Матаева клубта жұмыс істемегендіктен әрі оның мүшесі болып табылмағандықтан «ҰБК» қаражатынан миллиондаған теңге ақшаны жалақы ретінде не үшін алғанын түсіндіріп бере алмады.

Әсет Матаевтың жұбайы  «ҰБК» ҚБ-дан миллиондаған теңге қаражат алған

Бұл туралы Сейітқазы, Әсет Матаевтардың ісі бойынша сот талқылауы барысында белгілі болды.

Аида Матаева Сейітқазы Матаевтың ұлы Асқардың әйелі, ол «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС-да менеджер болып жұмыс істейді.

Асқар Матаевтың декреттік демалыстағы әйелі сотқа келе алмады, сондықтан бүгін сотта оның куәгер ретіндегі  айғақтарын Есіл ауданының судьясы Ақболат Құрмантаев   оқып берді.

«ҰБК» БҚ-да жұмыс істеген жоқпын. Бірақ қоғам С. Матаевқа тиесілі екенін білдім. ҰБК-ға мүшелік,  мән-жайдан хабарым жоқ. Мүшелік жарнаны төлеген жоқпын, клубта Матаевтан басқа ешкімді танымаймын», - деді А. Матаева.

Алайда бұл ретте тергеу органдары  бірнеше жыл ішінде ҚБ есебінен  оның  жеке карточкалық есепшотына миллиондаған теңге қаражат аударылып келгенін хабарлады. Банктің көшірмесіне сәйкес Аиданың карталық шотына ҰБК-ден 2011 жылы - 1 млн 903 мың теңге, 2012 жылы - 1 млн 200 мың теңге түскен. Аида Матаева төлем себептері еш уақытта қызықтырмағанын мойындады, барлық ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.

Еске салсақ, бұдан бұрын сот талқылауы барысында «Бизнес-аудит» сарапшыларының   «ҰБК» ҚБ бухгалтерлік есептілігін тексеру нәтижесі жарияланған. Оған сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 25 ақпан аралығы кезеңінде жалпы сомасы 606 млн 809 мың  785 теңге, оның ішінде Сейітқазы Матаевтың чек кітапшасы бойынша 474 млн 369 155 теңге ақша шешіп алынған.

Сондай-ақ Сейітқазы Матаев мейрамханаларда жеке тұлғалардың шығындарын төлегені анықталды, оның ішінде оның жақын туыстары да бар, жұмсалған сома - 269 млн теңге.