Асфальтқа жазған жазуы үшін семейлік 216 мың теңге айыппұл арқалады

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағайлы шағын ауданында белгісіз адам көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы автотұраққа бояумен «Автотұрақтағы орынды иеленбеңіз» деген жазу қалдырған, деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

деньги, тенге, ақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бояу жақын жерде тұрған көлікке де тиіп, оның иесі полицияға жүгінген.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында полиция қызметкерлері жазудың 25 қыркүйекте сағат 02:26 шамасында жазылғанын анықтады. Әйелдің жеке басы анықталып, оның 40 жастағы қала тұрғыны Алма Сарбасова екені белгілі болды.

— Құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ортақ пайдаланылатын орындарды қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Өз әрекетінің салдарын ол өз бетінше жойған, — делінген хабарламада.

Абай облысы Полиция департаменті автотұрақ орындарына байланысты келіспеушіліктерді заңды жолмен шешу қажеттігін еске салады. Мұндай даулар қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің мүлкіне зиян келтіруге негіз болмайды.

Бұған дейін Семейде «Сергек» камераларының назарына 123 мыңнан астам бұзушылық іліккенін жаздық.