Аш аллигатор студенттердің асынан «ауыз тиді» - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида университетінің екі студенті табиғат аясына демалуға шыққанымен, «шақырылымаған қонақпен» дастархандас болатынын білмеген еді, деп жазады Mashable.

Аш аллигатор студенттердің асынан «ауыз тиді» - ВИДЕО

Майкл Тамайо мен оның досы көл жағасында демалып отырғандарында судан шыққан аллигатор олардың бутербродын жеп қойған.

Жануардың әрекетінен ешкім зардап шеккен жоқ. Жастар тіпті аллигаторды видеоға түсіріп алған.