Аша Матайдың кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші әрі актриса Аша Матайдың кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды. Бұл жайында Comode.kz хабарлады.
Басылымның жазуынша, Аша Матай қазақстандық Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шығады. Сонымен қатар, Инстаграмда Қоңырбаевтың Аша Матайға ұсыныс жасаған сәті түсірілген видео да кең таралды. Оны екі жастың жақын достары жұртпен қуана бөліскен еді. Видеода кинотеатрлардың бірінде жігіттің тізерлеп отырып, бойжеткенге ұсыныс жасап жатқан сәті түсірілген. Арман мен Ашаның арасындағы жақын достық жайлы жыл басынан белгілі болған. Алайда олар бұл туралы ашып айтпаған болатын. Бірақ осы уақыт ішінде екі жұлдыз «Жүрек сыңарым» атты композиция жазып үлгерген. Оны танымал телешоуларда қосылып айтып жүр.