Ашаршылықтың жаһандық индексі: дүниежүзі бойынша 1 миллиард адам аштықтан зардап шегуде

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Дүниежүзі бойынша бүгінде 1 миллиардтан астам адам аштықтың зардабын шегуде.

Ашаршылықтың  жаһандық индексі:  дүниежүзі  бойынша  1 миллиард  адам  аштықтан зардап  шегуде

Азық-түлік саясатын зерттеумен айналысатын жаһандық институт әзірлеген 2010 жылғы Жаһандық ашаршылық индексінде осындай мәліметтер келтіріліп отыр, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Құжат авторларының айтуынша, ашаршылықтың ең жоғары көрсеткіші Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан африкалық елдерде және Оңтүстік Азия елдерінде тіркеліп отыр және одан көбіне балалар зардап шегуде.

Сондықтан да баяндама авторлары, жалпы көрсеткішті төмендету үшін, үкіметтерді бірінші кезекте балалардың арасындағы ашаршылықпен күресуге үндеуде.