Асхат Бейсенбаев «Қазпошта» АҚ басшысы қызметінен босады
АСТАНА. ҚазАҚпарат - «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, бұл шешім А. Бейсенбаевтың өзінің жазбаша өтініші негізінде қабылданған.
Айта кетейік, А. Бейсенбаев «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне 2013 жылғы 30 қазанда «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған болатын. Ол Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторының басшысы болып сайланғанға дейін «БТА Банк» АҚ Басқарма төрағасының міндеттерін атқарды.