Асхат Дауылбаев ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Дауылбаев ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылды

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Өкімімен Жақып Қажманұлы Асанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.

Астанадағы Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі 7 күнге жабылады
Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі 7 күнге жабылады