Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген ресми ақпаратта.
Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.
1982-1983 жылдары Ауғанстанда әскери аудармашы болды.
2004 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
2008-2012 жылдары Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болды.
2012 жылғы 4 шілдеден 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Индонезия Республикасындағы Елшісі.
2015 жылғы 20 тамыздан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Филиппин Республикасындағы Елшісі толық емес жұмыс күні.
2019 жылдың қаңтарында ол Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі қызметін қабылдады.
Бұған дейін Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы Елшісі қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.