19:33, 11 Қаңтар 2024 | GMT +5
Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы Kazinform Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ ол Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.