Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уәлиханов келесі жекпе-жегін 28 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізбек ниетте.

«Қазірше қарсыласымның кім екені белгісіз, бірақ жақын күндері анықталып қалады. Қазіргі таңда менеджерім Эгис Климас қарсылас іздеп жатыр», - деп жазды ол.

Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді. Кездесу 6 раундқа жоспарланған.

Бұл бокс кешін Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум ұйымдастырады.