Ашгабад Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

Бұл туралы Ашгабадқа келген басылымның бас редакторы Крейг Глендейл мәлім етті. Түрікменстан астанасында 22 шаршы километр аумақта ақ мәрмәрмен қапталған 540-тан астам ғимарат салынған.
Глендейл Ашгабад мэрі Реджепгелді Нурмаммедовке арнайы салтанатты кеңесте тиісті сертификатты тапсырды. Құжатқа сәйкес қаладағы мәрмәр ғимараттардың жалпы ауданы 4,514 миллион шаршы метрді (4,5 шаршы километрден астам) құрайды.
Гиннестің редкордтар кітабының бас редакторы әр ғимарат тіркеліп, нөмірленгенін және олардың әрқайсысының мәрмәр жабыны көлемінің дәл мәліметі бар екеніні айтты.
Кеңесте Ашгабадтың Гиннестің рекордтар кітабына енуі құрметіне ел Президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедовке «Түрікменстанның еңбек сіңірген сәулетшісі» құрметті атағы берілгені жарияланды.
Ашгабад бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабында төрт рет аталды. Бұдан бұрын ол басылым беттерінде әлемдегі ең биік тутұғыр (133 метр), ең үлкен жабық үлгідегі айналмалы шолу сақинасы, ең үлкен субұрқақ кешені және ең үлкен сәулеттік жұлдыз (телемұнарадағы Оғызхан жұлдызы) бейнеленгені үшін орын алды.