Ашғабадта «Орталық Азия және замананың жаһандық ығыттары» тақырыбына арналған халықаралық семинар өтеді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Ашғабадта БҰҰ-ның Орталық Азияға арналған превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының ұйымдаструымен «Орталық Азия және замананың жаһандық ығыттары» тақырыбында екі күндік халықаралық семинар ашылады.

Ашғабадта  «Орталық  Азия  және    замананың    жаһандық ығыттары»    тақырыбына арналған халықаралық  семинар   өтеді
ҚазАқпаратқа бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының баспасөз қызметінен хабарлады. Семинар жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Германия, Иран, Түркия, Ресей, Франция, Словакия және АҚШ өкілдер қатысады. Семинардың мақсаты - Орталық Азиядағы ахуалдың дамуына жаһандық үдерістердің ықтимал әсері бойынша пікір алмасу, оның қарқынын болжау, сондай-ақ өңірдегі қазір орын алып жатқан және әлеуетті ығыттар мен қауіп-қатерлерге жауаптар іздестіру болып табылады.