Ашхабад-2017: Қазақстан алтын медальдар саны жағынан өзбектермен теңесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында Қазақстан спортшылары алтын медальдар саны жағынан өзбектермен теңесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша Өзбекстан спортшыларының қоржынында  23 алтын, 30 күміс, 64 қола медаль болса, қазақ спортшыларында 23 алтын, 24 күміс, 32 қола медаль бар. Өзбек спортшылары тек күміс пен қола медальдар саны жағынан отандастарымыздан жалпыкомандалық есепте бір саты жоғары төртінші орында келеді.

Ал көш басында Түрікменстан спортшылары тұр. Олар жалпы медальдар санын 231-ге жеткізді.  Оның 85-і алтын, 65-і күміс, 81-і қола медаль. Екінші орынды екі күннен бері Қытай спортшылары уысында ұстап келеді. Олардың еншісінде 35 алтын, 24 күміс, 22 қола, жалпы 81 медальға қол жеткізді. Үшінші орынға 26 алтын, 18 күміс, 59 жалпы 103 медаль иеленген Иран құрамасы табан тіреді.

Айта кетейік, аталмыш байрақты дода ертең, яғни 27 қыркүйек күні өз мәресіне жетеді. Бұл додада ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы аттанған болатын. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар