Ашхабад-2017: Қазақстандық самбошылар бір күнде 8 медаль еншіледі

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық самбошылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін VАзия ойындарында 8 медаль (4 алтын, 2күміс, 2қола) жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алтынды» Бейімбет Қалжанов (52кг), Айжан Жылқыбаева (48кг), Ажар Кеңпейіл (60 кг), Зере Бақтасқызы (72 кг) еншіледі. «Күмісті» Асылбек Смайылов (74 кг), Аққал Өтебек (60 кг) жеңіп алды. Ал қола медальді Ербол Алдухан (52 кг) және Жадыра Пайыз (48 кг) қанжығасына байлады.

Айта кетейік, аталмыш байрақты додада ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы барды. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде. Қазір Қазақстан жүлде саны бойынша жалпы тізімде 65 медальмен бесінші (20-18-27) орында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум