18:02, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
                                        Ашхабад қаласында Конституция күніне орай баспасөз брифингі өтті - ҚР СІМ
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан Республикасының астанасы Ашхабад қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай баспасөз брифингі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ. 
                                        
                                        
                                     
                                              Брифингте ҚР ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды оқиғалар мен Қазақстанның Түркіменстанмен екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі, олардың даму перспективалары туралы айтылды. Атап айтқанда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған «АТОМ» жобасы мен 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты презентация жасалды. «Сонымен қатар, онда 11-12 тамызда сәтті өткізілген Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Р.Мередовтың Қазақстанға сапарының қорытындылары туралы және 22 тамызда Жезқазған қаласында ҚР Президенті салтанатты түрде іске қосқан «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол магистральдарының маңызы туралы баяндалды», делінген хабарламада.