Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағытында ұшатын тұрақты рейстер тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Turkmenistan Airlines компаниясы Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағытында ұшатын тұрақты рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді.

- Құрметті жолаушылар! Түркіменстан әуе жолдары 30.12.24 пен 31.01.25 аралығында Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстердің тоқтатылғанын хабарлаймыз. Сіздерге сатып алынған билеттердің құнын толығымен қайтаруға болатынын ескертеміз.
Байланыс үшін электрондық поштамыз [email protected] және телефондарымыз: 23-03-18, 23-03-15, 37-84-52, 37-84-32, 39-17-17, - деп мәлімдеді Түрікменстан компаниясынан.
Айта кетейік, бұған дейін AZAL Ресейдің бірнеше қаласына рейстерін уақытша тоқтатқан.
Израильдік «Эль-Аль» Мәскеу бағытындағы барлық рейстерін бір аптаға тоқтатты.
Qazaq Air да Астана - Екатеринбург бағытындағы әуе рейстерін уақытша тоқтататынын мәлімдеді.