Ашхабадқа жаңа мэр тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Шамұхаммет Дурдылыевті Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан Президенті Аппараты және елдің министрлер кабинетінің іс басқарушысы қызметінен босатып, Ашхабад мэрі етіп тағайындады. 

Ашхабадқа жаңа мэр тағайындалды

Бұл туралы сенбі күні «Туркменистан: Золотой век» мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, Түркіменстан Президенті Аппараты және елдің министрлер кабинетінің іс басқарушысы қызметіне коммуналдық министрі лауазымынан босатылған Мамметнияз Нурмаммедов тағайындалды.