Ашхабадтағы Азиадаға 500 күн қалғанда ат жарысы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабадтағы Азия ойындарына 500 күн қалғанда жабық ғимаратта ат жарысы басталды. 17 салт атты алау ұстап Түркіменстанның бес облысымен шауып өтеді.
Олар сол аумақтардағы көрнекті жерлерге, ескерткіштерге барып, олардың тарихымен танысады. Қатысушыларға республика президенті қошемет көрсетті, деп хабарлады vesti.ru.