19:35, 14 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Ашхабадтағы Азия ойындарына Африканың босқын атлеттері де қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Африканың 5 босқын атлеті қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ashgabat2017.com сайты хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Африканың 5 босқын атлеті қатысады.
Олар: Пауло Амотун Локоро (1500 м), Виюал Пуок Денг (400 м), Гай Янг Тап (800 м), Укук Утху Бул (3000 м), Йек Пур Биель (800 м). Бұл атлеттер Азия Олимпиадалық кеңесі атынан өнер көрсетеді. Босқындарды танымал кениялық марафоншы Тегла Лорупе бастап келеді.
Босқындарды Ашхабадтағы Азия ойындарына Тегла Лорупенің қоры іріктеп алды.
Бес-Локоро мен Бильдің босқындар командасының екі спортшысы - Рио-2016 Олимпиада ойындарына қатысса, қалған үш спортшы үшін бұл ойындар бірінші халықаралық сынақ болады.