11:27, 18 Қараша 2011 | GMT +5
АШМ 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап астық экспортына лицензия беруді қысқартады
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап астық экспортына лицензия беруді қысқартады.
Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында аталған ведомствоға қарасты Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Марс Алмабек мәлім етті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа шығарылатын астықты көтеруді мақсат етіп отырғандығын айтқан ол: «2012 жылдың 1 ақпанынан бастап астық экспортына лицензия беру қысқартылады. Сәйкес қаулы жарық көрді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерге астық экспорттау үшін лицензия керек. Ол 10 күннің ішінде қаралады. Аталған лицензияны алу үшін сәйкесінше құжаттар топтамасы қажет», - деді ол.