АШМ 3-сыныпты азықтық бидайдың тоннасын 40 мың теңгеден сатып алуды ұсынады

 АСТАНА.  28  тамыз. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдарға Үкіметтің қаулы жобасын енгізді.

АШМ 3-сыныпты азықтық бидайдың тоннасын 40 мың теңгеден сатып алуды ұсынады

Ол бойынша мемлекеттік сатып алу ресурстары үшін 3-сыныпты азықтық бидайдың тоннасын 40 мың теңгеден сатып алу ұсынылады.  Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында ведомство жауапты хатшысы  Евгений Аман мәлім етті.

Жауапты хатшының  айтуынша, қаулы жобасына сәйкес, азықтық бидайдан бөлек 4-сыныпты жемдік бидай тоннасы  36 мың теңгеден, 2-сыныпты арпаны 32 мың теңгеден сатып алу ұсынылады. «Бұдан бөлек, астықты сатып алу үшін бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл ретте шамамен 480 мың тонна азықтық бидай мен 5 мың тоннаға жуық жемдік бидай сатып алу жоспарланған», - деді ол.