АШМ апта соңына дейін егістік науқанын аяқтамақ

АНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі осы аптаның соңына дейін егістік науқаны бойынша негізгі жұмыстарды аяқтамақ.

АШМ апта соңына дейін егістік науқанын аяқтамақ

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысы барысында аталған ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің алға тартқан деректеріне сәйкес қазіргі уақытта дәнді және жаздық дақылдарды себу науқаны 84-3 пайызға орындалған. Толықтай алғанда республика бойынша жоспарланған 16 миллион егістік алқабының 13,5 млн. гектарына дән себілген.

«Іс жүзінде біз ғылыми тұрғыда зерделенген үйлесімді мерзімде сеуіп үлгереміз», - деді ол.

Сонымен қатар А.Мамытбековтің атап өтуінше, еліміздің солтүстік өңірлеріне түскен жауын-шашын егістік науқанының қарқынын тежегенімен жақсы жақтары да бар. Өйткені дымқыл топырақ дәннің жылдам тамырлануына мүмкіндік береді.