АШМ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несие мерзімін ұзартуды ұсынады

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несие мерзімін ұзартуды ұсынады.

АШМ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несие мерзімін ұзартуды ұсынады

 Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Қарыз алушылар өтімді кепіл ұсынған жағдайда «ҚазАгро» Ұлттық холдингі республикалық бюджет қаржысы есебінен берілген бюджеттік кредиттердің мерзімін ұзартуды қарастыруы қажет. Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ағымдағы жылы 100 млрд. теңгеден астам қаржы  бөлген болатын» - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, «ҚазАгро» холдингінің компаниялар тобында оң өтімділікті қолдау үшін республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді жабуды өз қаражаттары, сонымен қатар Ұлттық қордан тартылған уақытша бос қаражаттар есебінен жүзеге асыруы тиісті.

«Бұл ретте холдингтің еншілес ұйымдарының қаржылық жағдайын қиындатпас үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп, «ҚазАгро» холдингінің республикалық бюджет алдындағы 18 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік несие төлеу мерзімін 2013 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді А. Мамытбеков.