АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты қозғалған істі сотқа жолдады.

 АШМ Балық шаруашылығы  комитетінің төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Сүлейменов істен шыққан теңіз катерлерін сатып алу арқылы мемлекетті 318 миллион теңге шығынға батырған.