АШМ делегациясы министрдің басшылығымен Бейжіңге барады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -  2017 жылғы 31 наурыздан бастап 1 сәуір аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қазақстандық делегация  Бейжіңде бірқатар маңызды кездесулер өткізеді, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 АШМ делегациясы министрдің басшылығымен Бейжіңге барады

Делегация құрамына АШМ өкілдері, салалық өңірлік басқармалар, «Қазагро» ұлттық холдингі  және оның еншілес ұймдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы қауымдастығының басшылары мен бизнесмендер кірді.

Сапардың басты мақсаты - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша тапсырмаларын орындау және өзара тиімді екіжақты келісімдерге қол жеткізу бөлігін іске асыру.