АШМ элеваторлардың жаңа астықты қабылдауға дайындығын тексеруін жалғастыруда

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда республиканың сегіз аймағында егін жинау жұмыстары жалғасуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының 22 тамызындағы деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 916,3 мың га. дәнді дақыл егістігін орып бастырған, бұл облыстарда егілген алқаптардың 31,0 пайызын құрайды.

АШМ элеваторлардың жаңа астықты қабылдауға дайындығын тексеруін жалғастыруда

1411,7 мың тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 15,4 центнерді құрады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда ел аумағында жалпы сыйымдылығы 13,9 млн. тоннадай болатын 213 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Мұнымен қатар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде 10,7 млн. тонна астық сақтай алатын орын бар. Осылайша еліміздегі астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 24,6 млн. тоннаны құрайды.

213 лицензияланған элеваторлардың ішінен 187 астық қабылдау кәсіпорындары тексеріліп, оның 139-ы дайын болып шықты. Ал 48 АҚК түрлі себептермен өздерінің біліктілік талаптарына сай емес екендігін көрсетті.

Бүгінгі күні элеваторларда 521 дән кептіргіш құрылғы, оның ішінде Ақмола облысында - 143, Қостанай облысында - 139 және Солтүстік Қазақстан облысында - 149 бірлік құрылғы бар. 12 тамыздағы жағдай бойынша 492 дән кептіргіш құрылғы дайын. Барлық дән кептіргіш құрылғыларының тәуліктік өнімділігі 364700 тоннаны құрайды.

Жоғары аталғандардың негізінде, ҚР АШМ АШТӨ келесі іс шараларды қолға алуды ұсынады: дән кептіргіш құрылғылардың қайта жөнделуін және оны дайындалуын аяқтау; ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты (бидай дақылдарының кеш пісіп жетілуі, арамшөптілік) АШТӨ-не бидай дақылдарын бөлек орып алу үшін жатқызып қысу құрылғыларын дайындау және оларды қайта жөндеуден өткізіп немесе мүмкіндігінше жаңадан сатып алу керек; АШТӨ астықты сақтау үшін қосымша арнайы қаптарды сатып алу қажет; бидай дақылдарының пісіп-жетілуін тездету үшін барынша десикация әдісін қарастыру қажет; астықты кептіру үшін элеваторлардың қожайындарына және АШТӨ қажетті мөлшерде дизель отынын алып қоюы қажет.