АШМ қарасты «Фитосанитария» ұйымының басшылығы пара алу күдігіне ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына – К–ға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АШМ қарасты «Фитосанитария»  ұйымының басшылығы пара алу күдігіне ілінді

«Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.
Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде», - делінген таратылған хабарламада.
Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.