АШМ Қытай тарапынан қойылған шектеуді жою үшін жұмыс жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай тарапының Қазақстанның ет өндірушілері мен ет экспорттаушыларына қойған шектеуін алып тастау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

АШМ Қытай тарапынан қойылған шектеуді жою үшін жұмыс жүргізуде

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өндімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, сол жерге стратегиялық инвесторларды тартуды көздейді. 2015 жылдың қарашасында Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапарымызда Шығыс Қазақстан облысының аумағында ет кластерін жүзеге асыру жөніндегі бірлескен меморандумға қол қойдық. Қытай Халық Республикасының тарапынан келетін инвестицияның жалпы көлемі 11 млн. доллар. Осы ет кластерінің аясында 17 мың тонна қой етін өндіретін кешен салу жоспарда бар»,-деп түсіндірді Е.Ахметов.

Департамент директорының хабарлауынша, мал бордақылау алаңын құрылып, шаруа қожалықтарының жұмысын дамиды. «Күні кеше «Актеп» компаниясы мен «INALCO eurasia» атты еуропалық компания арасында ықпалдасқан компания мен жергілікті мал шаруашылығын дамыту саласындағы компания құру туралы инвестициялық келісім бойынша тиісті меморандумға қол қойылған. Осы келісімнің аясында бір ретте 44 мың мал басы сыятын мар бордақылау алаңдарын желісі құрылады дер күтілуде. «Inalca eurasia» компаниясы қазақ етінің брендін қалыптастырып, оны Еуропа мен Ресей Федерациясына экспорттауға ниетті»,-деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Е.Ахметов атап өткендей, қазір еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай тарапының Қазақстанның ет өндірушілері мен ет экспорттаушыларына қойған шектеуін алып тастау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.