АШМ министрі израильдік компанияның су ресурстарын басқару тәжірибесімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Израиль мемлекетіне жұмыс сапарының екінші күнінде «Gevat-Haviva Rezervoir» атты су ресурстарын басқару және қорғау компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

АШМ министрі израильдік компанияның су ресурстарын басқару тәжірибесімен танысты

Аталған компания суды тазартып, оны суармалы жерлерге пайдаланады.

Әрі қарай, Вице-Премьер «Мошав Нитсаней Оз» деп аталатын сүт және сыр өндірумен айналысатын ферма жұмысымен танысты.«Мошав Нитсаней Оз» фермасы сүт және сүт өнімдерін өндірумен айналысады.